Оқиға Батыр-Қызылтөбе тас жолында 15 ақпанда болды.
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысындағы тасжолда үш адамның өмірін қиған ауыр жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан бір ер адам мен екі әйел қайтыс болды, деп жазады sn.kz.
Тағы үшеуі ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Оқиға Батыр-Қызылтөбе тас жолында 15 ақпанда болды. Куәгерлердің айтуынша, апаттан кейін көліктердің бірі жарылды.
Жиырма бес жастағы екі зардап шегуші көптеген жарақаттар мен сынықтар алды: олар облыстық ауруханаға жатқызылды.
Апат салдарынан бірнеше жерден жарақат алған тағы бір ер адам осы медициналық мекеменің жансақтау бөліміне түсті.