Маңғыстауда 240 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

0
424

Прокурорлық қадағалау шараларымен жерлер мемлекет меншігіне қайтарылған, осындай жұмыстар барлық жерде жалғасады.


Маңғыстауда 240 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының прокуратурасы кадастрлық құны 270 миллион теңге болатын жалпы ауданы 240 мың гектар жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтарды, деп жазады tengrinews.kz.

Қадағалау органының мәліметі бойынша, Қарақия және Түпқараған аудандарында жеке кәсіпкерлердің ауылшаруашылық малдарының саны жалпы жайылым алаңындағы шекті рұқсат етілген жүктемеге сәйкес келмеген.

"Яғни, жайылымдық жер жылдар бойы өз мақсатына сай пайдаланылмай келген. Бұл ретте облыста мал шаруашылығын дамытқысы келген басқа шаруаларға жайылымдық жер өте қажет болды, бұл жалпы саланың қалыпты дамуына кедергі келтіріп отыр", - деді прокуратура өкілдері.
Прокурорлық қадағалау шараларымен жерлер мемлекет меншігіне қайтарылған, осындай жұмыстар барлық жерде жалғасады.