Маңғыстауда 5 жасар бала әткеншекке қыстырылып қалды

0
579

Көмекке құтқарушылар шақырылды.


Маңғыстауда 5 жасар бала әткеншекке қыстырылып қалды

ERNUR.KZ. Бала ойын алаңында ойнап жүріп металл құрылғыға қыстырылып қалды, деп жазады inbusiness.kz.

Олар арнайы гидравликалық құралдың көмегімен әткеншек бөлшектерін ашты. Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметімен балаға жедел көмек көрсетілді.



Оқиға 1 мамырда Мұнайлы ауданындағы "Атамекен" ауылдық округінде болды. Сағат 19:24 шамасында құтқарушыларға №37 үйдің жанындағы Мерей көшесіндегі балалар ойын алаңында бес жасар баланың әткеншекте қыстырылып тұрып қалғаны және шыға алмайтыны туралы қоңырау түскен. Ересектер де баланы темір құрсауынан босата алмады.

Құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен баланы босатып, анасына берді.