Маңғыстауда теңіз жағасынан 12 итбалық өлексесі табылды

0
820

2024 жылдың 29 наурызы мен 25 сәуірі аралығында барлығы 182 өлі итбалық өлексесі табылған.


Маңғыстауда теңіз жағасынан 12 итбалық өлексесі табылды

ERNUR.KZ. 25 сәуірде Каспий теңізінің жағалауында Түпқараған ауданында өлі итбалықтардың 12 өлексесі табылды, деп жазады sputnik.kz.

Инспекция мен жергілікті атқарушы органдардың, Гидробиология және экология институтының өкілдерінен тұратын жұмыс тобы итбалықтар анықталған орнынға барды.
"Өлі итбалықтардың табылған өлікселері шіріген күйде болған. Бұл олардың қыста қырылғанын және осы уақыт ішінде өлекселер суда болғанын көрсетеді. Олар 23 сәуірде басталып, күні бүгінге дейін жалғасып жатқан батыстан соққан дауылды желдің салдарынан жағаға шықты", - деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы.
Гидробиология және экология институтының қызметкерлері тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін сынама алуға болатын үлгілерден ішкі ағзалардың тіндерін, сондай-ақ азу тістерді ішінара алғанын хабарлады.
"Сонымен қатар, 2024 жылдың 23-24 сәуір аралығында инспекция Гидробиология және экология институтының қызметкерлерімен бірлесіп, Каспий теңізі жағалауына мониторинг жүргізу барысында 67 өлі итбалық анықталды және олар да шіріген күйде болды. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалау аймағында бақылау жұмыстарын жалғастыруда", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылдың 29 наурызы мен 25 сәуірі аралығында барлығы 182 итбалық өлексесі табылған.
2024 жылдың 29 наурызы мен 25 сәуірі аралығында барлығы 182 өлі итбалық өлексесі табылған.