Маңғыстауға шетелден 1 мың түп жеміс ағашы әкелінді

0
2 724

Бүгін аталған алма ағаштарын егу жұмыстары басталды.


Маңғыстауға шетелден 1 мың түп жеміс ағашы әкелінді

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысындағы Қарақия ауданына қарасты Мұнайшы ауылында 100х80 метр жерге жылыжай салынуда, деп жазады baq.kz.

Жылыжай аумағына бау-бақша өсіру мақсатында Иран, Грузия, Осетия, Әзербайжан елдерінен 1000 түп жеміс ағашы әкелінді. Бүгін аталған алма ағаштарын егу жұмыстары басталды.


Облыс әкімі С.Трұмов жыл басында барлық аудан әкіміне, ауылшаруашылығы басқармасының басшысына азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңірде өсірілетін өнім көлемін көбейтуді тапсырған болатын.


Осы бағытта жауапты азаматтар нақты шараларды қолға ала бастады.