Мәселелерді ушықтырмай шешу керек - Тоқаев

0
442

Ресей президенті Владимир Путин қатысқан Қазақстан-Ресей Өңіраралық ынтымақтастық форумын қорытындылай келе, Тоқаев кездесу қызықты өткенін айтты.


Мәселелерді ушықтырмай шешу керек - Тоқаев

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы мәселелерді шешудің маңыздылығы туралы айтты, - деп жазады Tengrinews.kz.

Ресей президенті Владимир Путин қатысқан Қазақстан-Ресей Өңіраралық ынтымақтастық форумын қорытындылай келе, Тоқаев кездесу қызықты өткенін айтты.

"Әрине, сұрақтар бар. Менің ойымша, оларды кейін жұмыс режимінде қарастырамыз. Біз ресейлік басшылардың кейбір сөзінен Қазақстан тарапына қатысты наразылықтарды аңғардық. Біздің басшыларымыздың да сұрағы бар деп ойлаймын.
Менің ойымша, бұл проблемалардың бәрін жұмыс режимінде, мәселелерді ушықтырмай шешу керек, өйткені шекаралық немесе мемлекетаралық болсын, кез келген ынтымақтастық, әрине ешқандай сұрақтар мен проблемасыз аяқталмайды. Ол үшін осындай форумдар өткізіледі. Біз бір-бірімізге ашық болуымыз керек және туындаған мәселелерді тиісті түрде шешуіміз керек. Бүгінгі әңгіме сындарлы болды деп есептеймін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.