"Маша мен аю" авторлары қазақстандық кейіпкерлерді жасауы мүмкін

0
4 023

Қазақстанда “Союзмультфильм” немесе The Walt Disney Company секілді жеке анимациялық студия ашу қажеттілігі туындап отыр​


ERNUR.KZ. Танымал ресейлік “Маша мен Аю” (Маша и Медведь) мультфильмінің авторлары енді қазақстандық жаңа мультөнімнің кейіпкерлерін жасап шығаруы мүмкін, деп жазады altaynews.kz.

Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда “Союзмультфильм” немесе The Walt Disney Company секілді жеке анимациялық студия ашу қажет. Сонда ғана қазақстандық анимация дами түспек. Осы орайда министрлік”Маша және Аюдың” авторларынан қазақстандық бейнедегі кейіпкерлерді жасауға көмек сұраған көрінеді.

Еуразиялық кинофестивальге біз “Маша мен Аю” фильмінің шығарушыларын шақырып, біздің қазақстандық образымызды жасауға көмектесуді сұрадық. “Маша мен Аю” мультфильмінің танымалдығы артуда, қазір ол тек анимациялық фильм ғана емес, мемлекеттік бағытқа айналған. Бұрын екі режиссер түсірген, ал бүгінде авторлары ығыстырылып, бір үлкен корпорация ртеінде құрылып отыр. Өйткені “Маша мен Аюды” еуропа елдері де көре бастады, – дейді министр.