Мәсімов өзіне қатысты істің материалдарымен танысып жатыр - Бас прокуратура

0
431

Бір күн бұрын Бас прокуратура Мәсімовтің кеткені туралы қауесетті жоққа шығарды.


Мәсімов өзіне қатысты істің материалдарымен танысып жатыр - Бас прокуратура

ERNUR.KZ. Мәжіліс алаңында ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты істің қай сатыда екенін айтты, деп жазады ulysmedia.kz.

Ол 25 тамызда ҰҚК Мәсімов пен оның орынбасарларының ісі бойынша тергеуді аяқтағанын, қазір сотталушылар іс материалдарымен танысып жатқанын еске салды.

“Қазір іс айыпталушымен танысу үстінде. Танысу біраз уақыт алуы мүмкін”, – деп жаздыҚазАқпарат Шындалиевтің сөзін.

Бір күн бұрын Бас прокуратура Мәсімовтің кеткені туралы қауесетті жоққа шығарды.

Еске салсақ, 6 қаңтарда Қазақстан президентінің жарлығымен Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылған болатын. 8 қаңтарда ол мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды.

13 қаңтарда оған қарсы мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланған. Бұл ретте оның орынбасарлары – «А» арнайы қызметінің басшысы Садықұлов пен депутат Ерғожин де ұсталды.

Сол күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Мәсімовке қатысты билікті күштеп тартып алу және билікті асыра пайдалануға бағытталған әрекеттері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді.

27 қаңтарда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұлов қамауға алынды.

10 наурызда ҚР ҰҚК Мәсімовтен тәркіленген мүлік туралы айтылды. Олардың ішінде миллиондаған долларлар, алтын құймалар, сәнді тауарлар, мәдени құндылықтар мен антиквариат, сәнді жылжымайтын мүлік және қымбат көліктер бар.

14 наурызда ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілісте ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты.