"Масқара!": Майлықты жаулық қылған әйелдер сынға қалды

0
1 693

Құран оқытылғанда басқа салфетка қойылмайтынын түсінетін әйел адамда кішкене де болса түйсік болу керек қой.


Құран оқылатын жерге жалаңбас келіп, төбесіне майлық қоятын әйелдердің әрекеті сынға қалды. Бұл туралы Шымкент қаласының тұрғыны Зәуре Дәулетова Facebook-те жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Айналайын мұсылмандар, қарақтарым. Дінді ұстанбасаңыздар да, ең құрығанда, асқа, құдайы тамаққа барғанда, ауызашарға, мешітке құран оқытуға барғанда, бір орамал ала барыңыздаршы. Қазақтың келіндері, қатындары орамал тартпайтын болғаны қай заман, бопты, орыстанып, европаланып кетіппіз, ең құрығанда, құран оқытылғанда басқа салфетка қойылмайтынын түсінетін кішкене де болса түйсік болу керек қой. Төбеден ештеме жаумайды құран оқытылғанда, салфеткамен төбені жабудың еш қажеті жоқ. Орамал тарту керек, құран оқығанда періштелер жиналады құран тыңдау үшін, соларды қашырып алмау үшін әйелдің шашы жабық болғаны абзал. Онан соң, құран оқу да құлшылық. Құдайға, құранға деген құрмет болу керек қой. Және тағы, жасы келген, бала туған қатындар неге жалаңбас? Орамалын басынан тастамайтын қазақтың келіндері қайда, дін ұстану былай тұрсын, қазақ болудан қалып барамыз ғой. Мынау енді ұят қой, мына жерде діннен хабары бар бір де бір мұсылман табылмады ма, неге айтпайсыздар? Ендігіде, сөмкеге бір орамал салып алыңыздар, майлықты жаулық қылмай!", делінген жазбада.