Мәскеуде қазақстандық блогерлер 3,5 жылға сотталды

0
753

2021 жылдың наурыз айында жастар «Мәскеу сити» сауда орталығына премиум такси шақырған. Құны 3,5 миллион рубльден асатын көлік тапсырысқа келді.


Мәскеуде қазақстандық блогерлер 3,5 жылға сотталды

фото кадрдан

ERNUR.KZ. Мәскеуде такси ұрлап әзілдемек болған қазақстандық блогерлер бас бостандығынан айырылды, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұл туралы Мәскеу прокуратурасы хабарлаған.

«Мәскеу қаласының Пресненск аудандық соты көршілес елдердің бірінің үш азаматы: 24 жастағы Рамир Хасановқа, 29 жастағы Айдын Түсіповке және 31 жастағы Ерсін Дүмшебайға қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау үкімін шығарды. ( ...) Сот үкімімен Хасанов, Түсіпов және Дүмшебай әрқайсысы 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталғандар сот залында қамауға алынды. Олар жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді», - делінген хабарламада.

2021 жылдың наурыз айында жастар «Мәскеу сити» сауда орталығына премиум такси шақырған. Құны 3,5 миллион рубльден асатын көлік тапсырысқа келді. Жүргізуші олардың өтініші бойынша сөмкелерді жүксалғышқа салып жатқанда, айыпталушылардың бірі жолаушы орындығына отырса, екіншісі көлік тізгініне отырып, кетіп қалған. Үшіншісі кетіп бара жатқан шетелдік көлікті және көлік иесінің реакциясын түсіріп алған. Бірнеше минуттан кейін күдіктілер қайтып келіп, жүргізушіге осылайша әзілдеп жатқандарын түсіндірді. Сол күні қазақстандықтарды тәртіп сақшылары ұстап, қылмыстық іс қозғады.

«Россия 24» телеарнасының хабарлауынша, блогерлер жеті айға жуық үй қамауында болған. Сот оларға интернетке кіруге және бөгде адамдармен, соның ішінде журналистермен сөйлесуге тыйым салды.