Маусым айында Алматыда екі жаңа метро станциясы іске қосылады

0
418

Ол 2022 жылдың маусым айында Әуезов ауданында орналасқан "Сары-Арқа" және "Момышұлы" метро станцияларының іске қосылатынын және бұл метродағы тәуліктік жолаушы ағынын 40-тан 86 мыңға дейін арттыратынын түсіндірді.


Маусым айында Алматыда екі жаңа метро станциясы іске қосылады

ERNUR.KZ. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде ағымдағы жылдың маусым айында екі жаңа метро - "Сары-Арқа" және "Момышұлы" станциясын іске қосу жоспарланып жатқанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

"Әуезов ауданының транзиттік орналасуына байланысты көлік кептелісі тіркеліп, ауданы тұрғындарының жайлы өмір сүру деңгейіне кері әсерін тигізуде", - деді Ерболат Досаев.

Ол 2022 жылдың маусым айында Әуезов ауданында орналасқан "Сары-Арқа" және "Момышұлы" метро станцияларының іске қосылатынын және бұл метродағы тәуліктік жолаушы ағынын 40-тан 86 мыңға дейін арттыратынын түсіндірді.

Сондай-ақ Төле би көшесін тесу жұмыстары жүргізілуде. Айтуынша әкімдік 63 жер телімінің сатып алу бағасымен келісіп, 207 жер теліміне келіссөздер жүргізіп жатыр.

"Бұл өткен жылы Абай даңғылының бойында Момышұлы көшесінен батысқа қарай ашылған алты жолақты учаскемен бірге мегаполистегі көлік ағынын оңтайлы қайта бөлуге және іргелес негізгі көшелердегі көлік жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді Ерболат Досаев.

"Сарыарқа" станциясы "Family" саябағының аумағында орналасқан. Онда қозғалысы шектеулі адамдарға арналған екі лифті және 8 эскалаторы бар екі кіреберіс жер орналасқан.

"Бауыржан Момышұлы" станциясы Абай даңғылының астында Момышұлы көшесінен батысқа қарай орналасқан. Ол екі жер асты жолөткелінен және алты кіреберістен тұрады. 6 лифт және 15 эскалатор жұмысы қарастырылған.

Төле би көшесін жөндеу жұмыстары 2022 жылы басталған болатын. Ол "Алтын Орда" базарына дейін батыс бағытта 4,5 шақырымға ұзартылатын болады.