Сондай-ақ, студенттерге ай сайынғы стипендия төленеді.
ERNUR.KZ. Келіссөзден соң Мажарстан қазақстандықтарға 250 білім грантын ұсынады, деп жазады Zakon.kz.
«Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы қазақстандықтарға келесі бағдарламалар бойынша 250 грант ұсынады:
бакалавриат бойынша 110 орын;
магистратура бойынша 90 орын;
бакалавриат+магистратура бойынша 30 орын;
докторантура бойынша 20 орын.
Гранттар мажар тілін академиялық мақсатта үйрену курстарын, жатақхана ақысын, медициналық сақтандыруға жұмсалатын шығындарды өтейді.
Сондай-ақ, студенттерге ай сайынғы стипендия төленеді.