Бұл ауылшаруашылығы саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге көмек болады.
ERNUR.KZ. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар ЕАЭО шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп жазады zakon.kz.
Отырыс барысында депутаттар ЕАЭО аясында асыл тұқымды мал шаруашылығының ортақ нарығын дамыту және бар кедергілерді жою мақсатында Келісімде селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс саласындағы бірқатар іс-шараларды, оның ішінде асыл тұқымды өнімге молекулярлық генетикалық сараптама жүргізуді біріздендіру көзделгенін атап өтті.
Сонымен қатар, депутаттар жалпы отырыста генетикалық сараптама жүргізу үшін республикада тиісті материалдық-техникалық база, сондай-ақ, еліміз асыл тұқымды малдарды ЕАЭО-тың қандай елдерімен, қандай көлемде айырбастап келгені туралы мәселелерді қозғады.
Нұрлан Нығматулин осы заң жобасын талқылау кезінде депутаттар тарапынан Ресей Федерациясынан асыл тұқымды малдарды әкелу үшін бірқатар кедергілер орын алатынын туралы пікірлер айтылғанын, ал осы ратификацияны қабылдап, оған Мемлекет Басшысы қол қойғаннан кейін ол ТМД елдерінен асыл тұқымды малдарды кедергісіз алып келуге жол ашатын атап өтті.
Палата Төрағасының айтуынша, осы мәселені Мәжіліс заң жағынан қамтамасыз етіп отыр, ал жауапты министрлік басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, ұйымдастыру шараларын жасауы қажет.
Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, бұл ауылшаруашылығы саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге көмек болады.