Мәжіліс депутаты бала асырап алған отбасыларға ай сайын 1 миллион теңге төлеуді ұсынды

0
578

Депутат Қазақстанда балалар үйінің санын қысқарту керек екенін алға тартты.


Мәжіліс депутаты бала асырап алған отбасыларға ай сайын 1 миллион теңге төлеуді ұсынды

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден бала асырап алған отбасыларға ай сайын 1 миллион теңге төлеуді ұсынды, деп жазады stan.kz.

Депутат Қазақстанда балалар үйінің санын қысқарту керек екенін алға тартты. Тіпті толықтай жабуды ұсынды. Ол үшін ең алдымен бала асырап алғысы келетін қазақстандықтарға жағдай жасалуы керек екенін алға тартты.

"Балалар үйі тәрбиеленушілерді патронаттық отбасыларға бергісі келмейді. Себебі мемлекет әр балаға қомақты қаржы бөледі. Мәселен, балалар үйіндегі бір балаға мемлекет айына 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін бөледі. Бұл қаражатты бала асырап алғысы келетін отбасыларды қолдауға бағыттасақ, оның пайдасы әлдеқайда көбірек болады", – деді Қарақат Әбден.

Мәжілісмен балалар үйінің жұмыс жүйесін өзгертіп, ауыр науқас балалар тәрбиеленетін оңалту орталығы ретінде қайта құрылымдау қажеттігін айтты.