Депутаттар заң жобаларын бірінші оқылымда дауысқа салып, оң шешім қабылдады.
ERNUR.KZ. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелеріне қатысты заңдарды бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады baq.kz.
Депутат Ерлан Сайыров «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларына Парламент Мәжілісінің бір топ депутаты бастамашы болып, құжаттар 15 мамырда Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілгенін айтты.
Жұмыс тобы құрылып, оның құрамына Мәжіліс депутаттарымен қатар мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді, олардың арасында құқық қорғау ұйымдары да, журналистер де, сарапшылар да бар. Жұмыс тобының отырыстарында негізгі заң жобасының терминологиясына, атап айтқанда онлайн-платформаны пайдаланушылар мен инфлюенсерлерге (блогерлерге) кімді жатқызуға болатынына қатысты, жалған ақпаратты таратқаны және орналастырғаны үшін әкімшілік жауапқа тартуға қатысты мәселелер белсенді түрде талқыланғанын атап өтемін, - деді депутат.
Депутаттар заң жобаларын бірінші оқылымда дауысқа салып, оң шешім қабылдады.