ОСК отырысында ҚР парламенті мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауын өткізу туралы қаулы қабылданды.
ERNUR.KZ. Орталық сайлау комиссиясының отырысында парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттың кезектен тыс сайлауын өткізудің күнтізбелік жоспары бекітілді, деп жазады zakon.kz.
ОСК отырысында ҚР парламенті мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауын өткізу туралы қаулы қабылданды.
"Мәжіліс депутаттарының да, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының да сайлауын 19 наурызда бір күнде өткізу ұсынылды. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларына тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын".ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров
Еске салайық, парламент мәжілісі депутаттарының сайлауы мемлекет басшысының Жарлығымен 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалды.