Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізуге 33,4 млрд теңге бөлінеді

0
438

Сайлау осы жылдың алғашқы жартыжылдығында өтеді.


Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізуге 33,4 млрд теңге бөлінеді

ERNUR.KZ. Қаржы министрлігі биыл Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауына қанша қаражат бөлінетінін мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында Мемлекет басшысы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауын 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында өткізуді тапсырды.

«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын Парламентте қарау барысында Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын өткізуге 2023 жылға 33,4 млрд теңге сомасында шығыстар қарастырылды (бұған дейін бюджет жобасында 2025 жылға қарастырылған)», - деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл шығыстар:

  • саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша;
  • бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша жаңа аралас сайлау жүйесін енгізуді ескере отырып есептелген.