Парламент палаталарының бірлескен отырысы 1 қыркүйекте өткен болатын.
ERNUR.KZ. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп жазады tengrinews.kz.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 16 қыркүйекте сағат 10.00-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", - деп жазылған Өкім мәтінінде.
Парламент палаталарының бірлескен отырысы 1 қыркүйекте өткен болатын. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.