Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин БҰҰ өкілін қабылдады

0
1 260

Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомураны қабылдап, Қазақстанның аталған ұйыммен және оның институттарымен ынтымақтастықтың өзекті сұрақтарын талқылады,-деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі.


Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин БҰҰ өкілін қабылдады

фото:parlam.kz

Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомураны қабылдап, Қазақстанның аталған ұйыммен және оның институттарымен ынтымақтастықтың өзекті сұрақтарын талқылады,-деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі.

Өткен жылы біздің еліміздің беделді халықаралық ұйымға қосылғанына 25 жыл болса, биыл Қазақстанда БҰҰ өкілдігінің ашылғанына 25 жыл толып отыр.Н.Нығматулиннің айтуынша, Қазақстан осы уақыттар ішінде халықаралық қауымдастыққа табысты енумен қатар, оның белсенді қатысушыларының біріне айналды. Мәжіліс Төрағасының пікірінше, Қазақстан Президенті өзінің маңызды халықаралық бастамаларын Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінде көтерген болатын. Қазақстан ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу шартын әзірлеу мен қабылдауға белсене араласып, Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру бастамашыларының бірі болды. Осы ретте Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелігіне сайлануы біздің еліміз бен Елбасының бейбітшілік пен Қауіпсіздік жолындағы ерен ерліктерінің бүкіл әлем алдында мойындалуы екенін және оның ел тарихында алтын әріптермен жазылатын айтулы оқиға болатынын атап өтті. Осы орайда, Шимомура мырза жеткен жетістіктерді ескере келіп, Қазақстанның БҰҰ мүше болуы заңды деп есептейтінін жеткізді. Себебі, біздің еліміз дүниежүзінің және халықаралық қауымдастықтың алдында ядросыз әлемнің қорғаушысына айналды. Қазақстан заманауи мемлекетке жету бағытында толағай табыстарға жетті. Мәртебелі мейман бұл Қазақстан Президентінің салиқалы саясатының, көреген басшылығының, ерен ерліктерінің жемісі екенін айрықша атап өтті. Палата Спикері Елбасының сапалы өмірді қамтамасыз ету тапсырмаларын жүйелі түрде қамтамасыз етумен үндесетін БҰҰ тұрақты даму мақсаттарының біздің еліміз үшін маңызды екенін атап өтті. Тараптар кездесуінде Қазақстан мен БҰҰ арасындағы барлық әріптестік сұрақтарды екіжақты қарым-қатынас, соның ішінде парламенттік деңгейде тиімді жүзеге асыру жолдары жан-жақты айтылды.