Мәжілісмендер Қордайда зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аударды

0
829

Мәжілістің бір топ депутаты қазіргі уақытта Қазақстан Президентінің тапсырмасымен құрылған үкіметтік комиссиямен бірге Қордай ауданында жұмыс істеуде.


Мәжілісмендер Қордайда зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аударды

ERNUR.KZ. Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы бір күндік еңбек жалақыны Жамбыл облысы Қордай ауданында болған қайғылы жағдай салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін аудару туралы Қаулы қабылдады, деп жазады ҚазАқпарат.

Қаржы аудан тұрғындарының тіршілігін, бүлінген үйлерді, инфрақұрылымдарды қалпына келтіруге жұмсалады.

Мәжілістің бір топ депутаты қазіргі уақытта Қазақстан Президентінің тапсырмасымен құрылған үкіметтік комиссиямен бірге Қордай ауданында жұмыс істеуде.