Мектеп асханасына не дәретханасына қатысты жалған ақпарат берген басшылар қатаң жазаланады

0
554

«Балаға лайық» жобасы жүріп жатыр, ол ары қарай жалғасады.


Мектеп асханасына не дәретханасына қатысты жалған ақпарат берген басшылар қатаң жазаланады

ERNUR.KZ. «Балаға лайық» жобасын жетілдіре түсу қажет. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Балаға лайық» жобасы жүріп жатыр, ол ары қарай жалғасады. Мектептегі асханалар мен әжетханалардың жағдайын түбегейлі өзгертуіміз керек. Бізге келіп түскен ақпарат жеткіліксіз. Менің ойымша, осындай ғана проблема бар деп айта алмаймыз. Проблема одан көп. Маған келіп жатқан ақпаратқа сәйкес, кейбір мектептің басшысы осы ақпаратты жібергені үшін шара қолданып жатыр деп естідім. Егер осындай мәселелер дәлелденетін болса, онда біз өте қатаң шараны білім бөлімінің басшысына да, мектеп басшысына да қолданамыз. Ауыруын жасырған өледі. Жасыратын ештеңе жоқ. «Балаға лайық» жобасы бойынша асханаға не әжетханаға қатысты мәселе келіп түссе де ешкімді жазаламаймыз. Біз мән-жайды анықтап, «мына мәселені жөндеңіздер» деп тапсырма береміз. Ешкімді жауапкершілікке тартудың қажеті жоқ», - деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар министр «Балаға лайық» жобасын жетілдіру қажеттігін баса айтты.

Айта кетейік, Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалар құқықтарын қорғау комитеті еліміздегі оқушылармен және ата-аналармен бірлесіп, мектеп әжетханалары мен асханаларындағы кемшіліктерді анықтау мақсатында «Балаға лайық» жобасын бастаған еді.