Мектеп "линейкасы" 1 қыркүйекте бола ма?

0
389

Ғани Бейсембаев мектептердегі салтанатты сап түзеу шарасының кейінге шегерілуі мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.


Мектеп

ERNUR.KZ. Салтанатты сап түзеу 1 қыркүйекте өтеді, деп жазады sputnik.kz.

Іс-шара жексенбіге сәйкес келгенімен, оған 4 миллионға жуық мектеп оқушысы барады. Бірінші сыныпқа қабылданатын 360 мың оқушы үшін алғашқы қоңырау соғылады.
Өткен жылдары ешкім сап түзеу шарасының уақытын өзгертпеді, қазір де бұған негіз жоқ, деді министр Ғани Бейсембаев.
Бұған дейін ведомство мектеп оқушылары қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілгенін мәлімдеді. Ол үшін мектептердің 87%-ы дабыл түймесімен қамтамасыз етілсе, 62%-ы турникетпен жабдықталды, білім беру мекемелерінің 72%-ы лицензиясы бар күзет органдарымен келісімшартқа отырған.