Жыл басынан бастап мектеп қызметкерлері арасында 241 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды.
ERNUR.KZ. ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова онлайн-брифинг барысында мектепте жаңа жыл кешін ұйымдастыруға қатысты айтып берді, деп жазады Stan.kz.
"Кезекші сыныптарға барып жүрген оқушыларға мектепте жаңа жылдық шара ұйымдастырылмайды", - деп қысқа кесті Есмағамбетова.
Сонымен қатар, Есмағамбетова қазіргі таңда мектеп мұғалімдері арасында қанша маман коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат берді.
"Жыл басынан бастап мектеп қызметкерлері арасында 241 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды", - деп қосты ол.