Мектептегі дене шынықтыру оқытушыларының сағаты 24-тен 18-ге дейін қысқартылады

0
618

Ал олардың жалақысы соңғы екі жылда 25%-ға артқан.


Мектептегі дене шынықтыру оқытушыларының сағаты 24-тен 18-ге дейін қысқартылады

ERNUR.KZ. Бұл өсім педагогтарға жатпайтын олимпиадалық резерв пен олимпиадалық дайындық орталықтарындағы, сондай-ақ жоғарғы спорттық шеберлік мектептеріндегі жаттықтырушыларға әсер еткен жоқ, деп жазады inbusiness.kz.

"Жетекшілік ететін саланың маңызды бір тұсы — қызметкерлерді әлеуметтік қолдау. Соңғы екі жылда мамандырылған мектеп, интернат, колледждердің, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жаттықтырушылары мен оқытушыларының жалақысы 25%-ға өсті. Алайда бұл өсім педагогтарға жатпайтын олимпиадалық резерв пен олимпиадалық дайындық орталықтарындағы, сондай-ақ жоғарғы спорттық шеберлік мектептеріндегі жаттықтырушыларға әсер еткен жоқ. Осыған байланысты сала қызметкерлерінің жалақысын теңестіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралармен қатар заңнамалық негізде жаттықтырушы-оқытушылардың апталық сағаттық жүктемелерін 24-тен 18 сағатқа дейін азайту жоспарлануда", — деді министр.

Сонымен қатар спорт төрешілерінің жалақысы 2024 жылдан бастап базалық лауазымдық жалақыдан 100%-ға дейін арттырылатын болады.

Жалпы елімізде спортпен жүйелі түрде айналысатын дар саны 7,6 млн адамды (жалпы халық санының 38,5%-ы) құрайды. Бұл көрсеткішті 2029 жылға дейін 50%-ға дейін арттыру жоспарланған.

Дене шынықтыру мен спортты насихаттау мақсатымен республика бойынша жыл сайын 1,2 млн (500 мыңы ауыл тұрғындары) адамды қамтитын 25 мың спорттық-бұқаралық шаралар ұйымдастырылады.

Мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр. Осы жылы 250 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді қамту үшін жергілікті атқарушы органдар 43,2 млрд теңге бөлді. Нәтижесінде 220 мың балаға арналған ваучерлер іске қосылды, яғни 6 мыңнан астам спорт секцияларына тегін қатысуға мүмкіндік туды.