"Мектептен көңілді шыққан": Жоғары қабаттан секіріп, көз жұмған қыз туралы тың дерек пайда болды

0
540

Ұстаздарының сөзінше, оның оқу үлгерімі өте жақсы болған.


Петропавлда 9-сынып бітірген қыз биік ғимараттан секіріп, қаза болды. Суицидтің себебі белгісіз, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, өзіне қол жұмсаған қыз 16-қабаттан секіріп кеткен, 9-сыныпты енді аяқтаған. Ұстаздарының сөзінше, оның оқу үлгерімі өте жақсы болған. Бірақ соңғы қоңырау салтанатына 15 жастағы қыз қатыса алмады.

Жантүршігерлік оқиға 31 мамырда күндіз болған. Мектептен шыққан Арина бағытын үйіне емес, жақын маңдағы тұрғын үй кешеніне бұрған. Әп-сәтте өзін өлімге қия салған оқушының мұндай әрекетке баруына не түрткі болғаны әзірге жұмбақ. Себебі соңғы қоңырауға қызу дайындалып, сыныбын безендірген олар мектептен көңілді шығыпты. Қуаныштан бал-бұл жайнаған жүзі суретке де түсіп қалған. Сондай-ақ мұғалімдерінің сөзінше, қорытынды бағаға қатысты да еш қиындық туған емес. Керісінше, тақтаға таласып шығып, электрон табелін 5-ке толтырған оқушының бірі сол болған екен.

"Үнемі мейірімді, беделді болды. Ешқашан мұғалімдерін, мені, ата-анасын қиын жағдайға қалдырған емес. Аринада 9-сыныпты бітіріп, колледжге кетемін деген жоспар болған емес. 11-сыныпты оқимын деп жүретін. Оның үстіне, өнерлі қыз еді, қолынан келмейтіні жоқ. Қай сабақ болмасын, барлық пәннің ұстазы мақтауын асырып отырады", - дейді Петропавл №40 орта мектебінің директоры Роза Мұрзатаева.