Мектептерде биометриялық деректер жиналатыны туралы жалған ақпарат тарады

0
2 669

Сабақ кезінде қандай да бір іс-шаралар өткізуге жол берілмейді, дейді министрлік.


Мектептерде биометриялық деректер жиналатыны туралы жалған ақпарат тарады

Фото:

ERNUR.KZ. Мектептерде балалардың ата-аналарының келісімінсіз биометриялық деректерді жинау және оқушыларды белгісіз бағытта алып кету жағдайлары туралы хабарлама қазақстандықтардың алаңдаушылығын тудырды. ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады stopfake.kz.

Әлеуметтік желілерде ата-аналарға балаларды педагогтардан жасырынуға үйретуге кеңес берілуде. Өйткені мектептерде жасырын түрде балалардың биометриялық мәліметтері алынады және оларды кез келген уақытта сабақтан белгісіз бағытта алып кетуі мүмкін. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.


– Балаға қатысты барлық іс-әрекеттер ата-аналармен келісілуі керек. Бұл ретте сабақ кезінде қандай да бір іс-шаралар өткізуге жол берілмейді. Биометриялық деректерге келсек, бұл жеке мәліметтер болып табылады. Педагогтарға оларды жинаудың қажеті жоқ, – деп хабарлады ҚР БҒМ.


Қазақстанда көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.