​Мемқызметші жұмыс уақытын ұзартуға мүмкіндік алды

0
1 975

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын сақтау үшін министрліктерде жұмыс компьютерлерін сағат 18.30-да автоматты түрде сөндіру жүйесі енгізілген.


​Мемқызметші жұмыс уақытын ұзартуға мүмкіндік алды

ERNUR.KZ. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын сақтау үшін министрліктерде жұмыс компьютерлерін сағат 18.30-да автоматты түрде сөндіру жүйесі енгізілген. Ендігі кезекте мемлекеттік қызметшілер жұмысты ұзарту мүмкіндігіне ие болып отыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Равиль Төлебаев мәлім етті.

«Бүгінгі күні біздің алдымызда артық жұмыс жасау фактілерін түбегейлі жою мақсаты тұр. Осыны ескере отырып Әдеп жөніндегі уәкілдермен бірлесіп, барлық мемлекеттік органдардан СКУД жүйесі арқылы алынатын жұмыс уақытына және жұмыс компьютерлерінің автоматты өшірілуіне талдау жүргізілді. Оның қорытындылары тиісті шара қабылдау үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, сондай-ақ жергілікті жердегі Еңбек инспекцияларына берілетін болады», - дейді ол бүгін Астанада өткен брифингте.

Равиль Төлебаевтың айтуынша, сонымен қатар, икемді жұмыс уақытын енгізу мәселелері қаралатын болады. Бүгінде барлық мемлекеттік органдарда сауалнама жүргізілуде.

«Бұдан басқа, осы жылдың қазан айында мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Агенттік үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, бірқатар министрліктерде профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Нәтижесінде министрліктерде жұмыс компьютерлерін сағат 18.30-да автоматты түрде сөндіретін уақыты электрондық есепке алу жүйесі енгізілгенін атап өту қажет. Бұл ретте, мемлекеттік қызметшілердің жұмысты 30 минутқа, 60 минутқа, 90 минутқа себебін көрсете отырып ұзарту (Министрдің, вице - министрдің, жауапты хатшының тапсырмасы) мүмкіндігі бар», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев сегіз сағаттық жұмыс күніне кейін мелекеттік органдардағы компьютерлердің өшірілуін қадағалауды тапсырған болатын.