Мемлекет 6 жасқа дейінгі балаларға 5 мың теңгеден көмек берді

0
657

​2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 94,2 мың отбасындағы 494,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.


Мемлекет 6 жасқа дейінгі балаларға 5 мың теңгеден көмек берді

ERNUR.KZ. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді, деп жазды baq.kz.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне, жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 жас пен 6 жастағы балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің заттай түрінен, монетизациялау форматына, яғни ақшалай қосымша төлем түріне, 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жыл – 5175 теңге) ауыстырылды.

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 150,8 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.