Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды

0
777

Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселесі кең ауқымда талқыланады.


Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

«Бүгін Қазақстан Президенті Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездеседі. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселесі кең ауқымда талқыланады. Сапар барысында БАӘ іскерлік топтарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізу жоспарланған», - деп жазады Берік Уәли.

Сонымен қатар Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қаңтарда Дубайда Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездесетінін айтады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Дубай Халықаралық қаржы орталығына (DIFC) барып, Біріккен Араб Әмірліктері компанияларының басшыларымен кездесу өткізбек.