Мемлекет басшысы Ғалымжан Пірматовқа бірқатар тапсырма берді

0
822

Президентке сыртқы және ішкі нарықтардағы ахуал жайында баяндалды.


Мемлекет басшысы Ғалымжан Пірматовқа бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Ұлттық банктің 2022 жылғы 1-тоқсанда жүзеге асырған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары жөнінде, сондай-ақ қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берілді.

Президентке сыртқы және ішкі нарықтардағы ахуал жайында баяндалды. Ғалымжан Пірматов валюта нарығында қалыптасқан үрдістер, Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қордағы активтердің жай-күйі туралы айтты.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа инфляцияның қарқыны, банк жүйесіндегі депозиттер құрылымының өзгеруі, зейнетақы активтерінің жағдайы мен төлем жүйесінің дамуы жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.