Мемлекет басшысы Израильдің Премьер-Министрімен телефон арқылы сөйлесті

0
882

Биньямин Нетаньяху Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыс тіледі.


Мемлекет басшысы Израильдің Премьер-Министрімен телефон арқылы сөйлесті

фото: tengrinews.kz.

Әңгімелесу барысында Биньямин Нетаньяху Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті қызметіне кірісуімен құттықтап, ел игілігі жолында табыс тіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Екі елдің басшылары екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, қорғаныс технологиясы саласындағы ынтымақтастық үшін жақсы мүмкіндіктердің бар екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-Министрінің 2016 жылғы Қазақстанға жасаған сапарының табысты болғанына тоқталып, жоғары деңгейдегі байланыстарды жалғастырудың маңыздылығын айтты.