Тәртіпсіздіктер кезінде лаңкестердің қолынан қаза тапқан 16 әскери қызметкер мен полицей марапатталды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін наградталсын:
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен
Әділбай Дастан Әділбайұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің бөлім бастығы
Барғанаев Дархан Ермекұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаменті жедел қимылдау арнайы жасағының инспекторы
Жағалбаев Жандос Мұхтарұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының аға офицері
Кабдинов Андрей Вячеславович (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының кафедра бастығы
Сланбеков Рахат Нұрбайұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының Тараз қаласы полиция басқармасының 1-бөлімінің учаскелік инспекторы;
ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен
Алмасов Нұрболсын Ғаниұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы Полиция департаментінің көлік жүргізуші-полицейі
Аманов Айбат Ерболұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшісі
Асылханов Ален Мұхитұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы Полиция департаменті Алмалы ауданы полиция басқармасының көлік жүргізуші-полицейі
Әділхан Жайық Ұғұлқанұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының бөлімше командирі
Бітім Мейірхан Ержанұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының курсанты
Ержанов Ербол Тілеубекұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЛА-155/16 мекемесінің аға бақылаушысы
Жұпарбеков Дәулет Бауыржанұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының курсанты
Қайсаров Мадияр Оразалыұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшісі
Қамбетов Ринат Талғатұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Алмалы ауданы полиция басқармасының көлік жүргізуші-полицейі
Смайылқанов Ғабдолла Ғалымұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 21751 әскери бөлімінің маманы (операторы);
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен
Нұркенов Әділ Дулатұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кіші жедел уәкілі.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.