Мемлекет басшысы Ыдырысовты қызметінен босатты

0
548

Ыдырысов Ұлыбритания елшісі қызметін 2017 жылдан бастап атқарған еді.


Мемлекет басшысы Ыдырысовты қызметінен босатты

Ерлан Ыдырысов Ұлыбритания елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Исландиядағы, Ирландия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды", - делінген мәтінде.
Ыдырысов Ұлыбритания елшісі қызметін 2017 жылдан бастап атқарған еді.
Айта кетері, Ерлан Ыдырысов – Қазақстанның бұрынғы сыртқы істер министрі.