Биыл Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу үшін барлығы 1 881 адам құжат тапсырып, оның ішінде 1 153 үміткер жіберілген болатын.
ERNUR.KZ. Биыл Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу үшін барлығы 1 881 адам құжат тапсырып, оның ішінде 1 153 үміткер жіберілген болатын. Оқу гранттарының саны 132. Оның 12-сі докторантура бағдарламаларына арналған, деп жазады BAQ.KZ.
Магистратура бойынша гранттар:
«Мемлекеттік саясат» – 39 орын;
«Өңірлік даму» – 29 орын;
«Экономика» – 16 орын;
«Адами ресурстарды басқару» – 12 орын;
«Мемлекеттік басқару» – 12 орын;
«Халықаралық қатынастар» – 12 орын.
Докторантура бойынша 12 грант:
«Экономика» - 2 грант;
«Халықаралық қатынастар» - 2 грант;
«Мемлекеттік басқару» - 8 грант.