Мемлекеттік бюджет шығындары кірістерден 4%-ға асып түсті

0
760

Шығындар мен кірістер арасындағы айырмашылық 899,2 миллиард теңгені құрағаны атап өтілді.


Мемлекеттік бюджет шығындары кірістерден 4%-ға асып түсті

ERNUR.KZ. Қазақстанда мемлекеттік бюджет кірістері — 20%-ға, ал шығындар — 24%-ға өсті, деп жазады inbusiness.kz.

2023 жылғы қаңтарда 22,2 трлн теңгені мемлекеттік бюджет кірісі құрады, бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 20,4%-ға артық. Ал мемлекеттік бюджет шығындары 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 24,4%-ға артып, 23,1 триллион теңгеге дейін жетті.

Сонымен қатар, шығындар мен кірістер арасындағы айырмашылық 899,2 миллиард теңгені құрағаны атап өтілді.

Сондай-ақ, 2023 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша, мемлекеттік бюджет шығыстарының ең көп үлесі (22%) білім саласына тиесілі екені атап өтілді: 5,1 триллион теңге. Одан кейін, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға (4,8 млрд теңге, плюс 17,4%), ал денсаулық сақтау саласына (2,1 млрд теңге, плюс 10,4%), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа (1,5 млрд теңге, плюс 44,9%) шығыстар келеді, ал көлік және байланыс саласына (1,4 млрд теңге, плюс 29,3%).

Бұдан бөлек, қарызға қызмет көрсету шығындары бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 1,3 триллион теңгеге қарсы 1,8 триллион теңгені құрағаны хабарланды.

Кірістердің басым бөлігі мемлекеттік бюджетке түсетін салықтық түсімдер — 74,8% немесе 2023 жылдың он бір айында 16,6 триллион теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 22,9%-ға артық. Салықтық емес түсімдер жылына 2,6 есе-1,5 триллион теңгеге дейін өсті. Ал негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 28,1%-ға, яғни 147,3 миллиард теңгеге дейін қысқарды.

Сондай-ақ, трансферт түсімдері 3,9 триллион теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 5%-ға аз.