Мемлекеттік кірістер комитеті декларацияны азаматтар өз бетінше тексеру қажеттігі туралы ескертті.
ERNUR.KZ. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік қызметшілердің, оларға теңестірілген адамдардың және олардың жұбайларының кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) толтыру кезінде жіберілген қателіктердің салдары туралы түсіндірді, деп жазады zakon.kz.
Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша 11 мың мемлекеттік қызметші, оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайларында жеке табыс салығы бойынша 759 млрд. теңге сомасында берешек қалыптасқан.
Декларацияларды талдау көрсеткендей, өздігінен салық салынатын табыс болмаған жағдайда, бюджетке төленетін жеке табыс салығының сомалары қате көрсетілген.
Қателер түзетілмеген жағдайда жеке сот орындаушылары салық бұйрықтары негізінде банктік шотты жабуы мүмкін. Тұрғындар декларацияны дұрыс толтыру сұрақтары бойынша тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына жүгіну қажет.