Меркі ауданындағы өрт 200 гектар аумаққа жайылған

0
799


Меркі ауданындағы өрт 200 гектар аумаққа жайылған

Жамбыл облысында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде, деп жазады ERNUR.KZ.

Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 км жерде «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ аумағында таулы аумақта алдын ала болжаммен 200 га алаңда қураған шөп жанды. Қазавиаорманкүзетінің су жинау құрылғысы бар Ан-2 ұшағымен аэровизуалды барлау және сөндіру жұмыстары жүргізілді. Өрт ошақтарына әуеден 11 рет су төгілді. ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ ЕО-145 тікұшағымен аэровизуалды барлау жүргізілуде.