Ми-8 апаты: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты

0
659

Зардап шеккен ер адамдар 1961 және 1987 жылы туған.


Ми-8 апаты: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты

ERNUR.KZ. Дәрігерлер Батыс Қазақстан облысында Ми-8 тікұшағы апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтты, деп жазады zakon.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен ер адамдар 1961 және 1987 жылы туған.

"Олардың екеуіне жабық бас миының жарақаты, бас миының шайқалуы, қабырға асты аймағының көгерген жарақаты диагнозы қойылды. Жапа шекккендер қалалық көпсалалы аурухананың нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Жағдайы бірқалыпты", - деді басқарма.