Миллиондап пара алу күдігіне ілінген судьяға қарсы іс қозғалмаған

0
1 413

«Маған қарсы ешқандай дәлел жоқ», дейді Светлана Жолманова.


Миллиондап пара алу күдігіне ілінген судьяға қарсы іс қозғалмаған

ERNUR.KZ. «Миллиондап пара алды» деп жұртты шулатқан Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық іс қозғалмаған, деп хабарлайды Хабар24.

«Маған қатысты соталды тергеу жүргізілген жоқ. Мен бұл істе тек куәгермін».

Онлайн баспасөз мәслихатында судьяның өзі осылай деді. Ол өзіне тағылған кінәнің негізсіз екенін және осы уақытқа дейін адал қызмет атқарып келгенін айтты. Ал кабинетінде табылған 10 мың АҚШ доллары өзінің жеке қаржысы екенін мәлімдеді. Сол күні ипотекаға алатын пәтерінің ақшасын банкке құю керек болған.

Ол «қомақты қаржыны үйіне сақтаудан қорқып, кабинетіндегі сейфке салып қойған едім» деп отыр. Алаяқтық жасап, пара алды деу мүлдем шындыққа жанаспайды.

«Маған қарсы ешқандай дәлел жоқ», - дейді Светлана Жолманова.

Айта кетейік, қазір ол судья қызметінен уақытша шеттетілді.


- Маған қарсы жасалынған барлық іс-әрекеттердің заңды күші жоқ екенін қайталап айтамын. Әзірге Жоғарғы соттан ешқандай хабар жоқ. Судья өз өкілеттігін қылмыстық іс қозғалған жағдайда немесе ол қылмыстық жауапкершілікке тартылған кезде тоқтатады. Ал маған қатысты қылмыстық іс жоқ, мен бұл іс бойынша тек куәгермін, - дейді судья Светлана Жолманова.