Ең көп лизенцияны боксшылар алған.
ERNUR.KZ. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қазақстан құрамасының 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарындағы лицензияларына қатысты пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.
Министр Сенат отырысы барысында Олимпиада ойындарына лицензия алу мүмкіндігі 2020 жылдың шілдесіне дейін жалғасатынын айтты.
"Ауыр атлетика жайлы айтқым келеді. Допинг даулары барлығын көрсетті. Бүгінде ауыр атлетикадан бізде екі ғана лицензия алу құқығымыз бар. Біреулері ерлер үшін, екіншісі әйелдер үшін. Өкінішке қарай, осылай", - деді министр. Жеңіл атлетикадан, Райымқұлованың айтуынша, Қазақстан былтыр 20 лицензияға дейін алды. "Допинг дауларына байланысты талаптар да күшейтіліп жатыр. Биыл енді 10-12 лицензия алуды жоспарлап отырмыз", - деді министр Райымқұлова.
Ал ең көп лизенцияны боксшылар алған екен.