Былтыр қолданған шаралар биыл жұмыс істей бастады.
ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин азық-түлік бағасының тұрақтылығы үшін қандай шаралар атқарылатынын мәлім етті, деп жазады baq.kz.
Біз былтыр қолданған шаралар биыл жұмыс істей бастады. Ол шараларды әрі қарай жалғастырамыз. Форвардтық (мерзімдік) сатып алуды, яғни тауар өндірушілерімізден сатып алуды жүзеге асырамыз, айналмалы схеманы аз қолданамыз. Айналмалы схема дегеніміз – әдеттегі заттарды сатып алу. Қандай да бір кезекті трейдерді алып, одан өнімді сатып аласың, бұл қазіргі бағаны қуып жету. Тауарды алдыңғы бағасының деңгейінде қалдыру деп айтуға болады, - деп түсіндірді Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Айтуынша, бұл мәселеге қатысты жиналыс та өткізген.
Сенбі күні жиналыс өткіздім. Қазір 2024 жылдың көктеміне сатып алып жатырмыз, тіпті биылғы күзге емес. Биылғы күзге сатып алудың мәні жоқ. Әрі қарай біз қысқа, келесі жылғы көктемге сатып аламыз. Одан кейін сәуір, маусымның басына алуымыз қажет, - деді Серік Жұманғарин.