Министр арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың міндетті шарттарын атады

0
933

Төлемдердің орташа мөлшері 208 мыңға жетеді және 63 жасқа дейін төленеді


Министр арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың міндетті шарттарын атады

ERNUR.KZ. Зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген азаматтарға 55 жастан бастап арнаулы әлеуметтік төлем енгізу бойынша заңнамалық өзгерістер әзірленді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың міндетті шарттарын атап өтті, деп жазады sputnik.kz.

Заңнаманы сенат мақұлдады, ол президенттің қол қоюына жіберіледі.
"Заң жобасы шеңберінде көп өзгерістер енгізіледі. Біріншіден, арнайы әлеуметтік төлем көп жылдар бойы жұмыс істеген, 55 жасқа толған және 7 жыл бойы өздеріне жиынтық жарналар аударған азаматтарға төленеді", - деді Жақыпова.
Арнайы әлеуметтік төлем төрт қаражат көзінен жүзеге асырылады:
1. республикалық бюджеттен 2 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
2. өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялардан;
3. жұмыс берушілердің қаражаты есебінен,
4. БЖЗҚ-дан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен.
Төлемдердің орташа мөлшері 208 мыңға жетеді және 63 жасқа дейін төленеді. Азаматтар арнайы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауы тиіс.