Мәдениет жане спорт министрі Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
“Бүгінгі сайлауда дауыс беріп, азаматтық борышымды өтедім.
№ 130 сайлау учаскесінде белсенділік өте жоғары, бұл отандастарымыздың саяси процеске үлкен ынтамен қатысып жатқанын көрсетеді және бұл қуанарлық жағдай.
Қазақстандықтарды белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп, өз таңдауын жасауға шақырамын” - деп жазды Министрі .