Министр Қызылорда қаласынан 150 шақырым жердегі 1500 тұрғынға қызмет көрсететін Шиелі ауданы Досбол би ауылдық округінің отбасылық дәрігерлік амбулаториясында болды.
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында бірқатар ауылдық денсаулық сақтау нысандарының жұмысымен танысты, деп жазады Sputnik.kz.kz.
Министр Қызылорда қаласынан 150 шақырым жердегі 1500 тұрғынға қызмет көрсететін Шиелі ауданы Досбол би ауылдық округінің отбасылық дәрігерлік амбулаториясында болды.
Амбулаторияда 6 медицина қызметкері, оның ішінде 2 жалпы практика дәрігері қызмет етеді.
"Жарты ғасырлық ғимараттың тозығы жеткенін ескере отырып, мемлекет басшысы бекіткен ұлттық жоба аясында мұнда жаңа дәрігерлік амбулатория салынады", - деді Ғиният дәрігерлермен және аудан басшылығымен кездесу барысында.
Ол ғимаратты салып қана қоймай, ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшін медициналық көмектің қандай түрлерін іске қосуға болатынын ойластыруды тапсырды.
Ғинияттың айтуынша, мысал ретінде, оңалту орталығын ашуға болады, оған физиокабинет, массаж, ингаляция кіреді, телемединиялық консультациялар жүргізу дағдыларын меңгеру, дәріхана пунктін ең қажетті дәрі-дәрмектер тізімімен орналастыру қажет.
Одан әрі министр Шиелі ауданындағы 78 мың тұрғынға медициналық көмек көрсететін ауданаралық аурухана базасында медицина қауымымен кездесті.
Министр аудандық аурухананың негізгі көрсеткіштерімен танысып, сырқаттанушылықты талдауға, әсіресе ауруханаға жатқызудың қайталанған, шұғыл жағдайларына ерекше назар аударды.
"Алдын алуға назар аударыңыздар, инсульттан кейінгі науқастың жағдайы қандай, ол диспансерлік есепке алынды ма, оңалту жүргізіліп жатыр ма, мұның бәрін қадағалау және басқа қызметтермен үйлесімді жұмыс істеу маңызды, осыдан кейін пациент өз денсаулығының жақсарғанын сезінеді", - деді ведомство басшысы.
Ауылдарда денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында Шиелі аудандық ауруханасы КТ, МРТ, ангиографпен және басқа да жабдықтармен жабдықталады, инсульт орталығы, травматология, кардиология бөлімшесі ашылады.
Министр ғимараттардың дайындығы, жаңа жағдайларда жұмыс істеу үшін персоналдың біліктілігін арттыру, науқастардың ағымы ұлғайған кезде пациенттің маршруттарын әзірлеу мәселесін көтерді.