Моника Камукенж Камганза Қазақстанға былтыр күнкөріс қамымен келген
ERNUR.KZ. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов визасының мерзімі өтіп кеткен Конго азаматы Моника Камукенж Камганза мен үш айлық қызына көмектесуге уәде етті, деп жазады Sputnik.
"Оның мәселесін елшілікпен бірлесіп шешеміз",- деп қысқа жауап берді Қасымов сенат кулуарында.
Моника Камукенж Камганза бір жылдан бері Астанада тұрады. Конго азаматы ЭКСПО көрмесі кезінде күнкөріс қамымен келіп, ақыр соңында қалып қойған. 27 жастағы африкалық әйел осыдан үш ай бұрын дүниеге сәби әкелді. Айтуынша, қыздың әкесі қазақстандық. Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатына Моника Қазақстаннан ешқайда кеткісі келмейтінін айтқан.