Министрлер айыппұлды өз қалтасынан төлеуге міндеттеледі - Ә.Смайылов

0
1 072

​Әлихан Сайылов эксклюзивті сұхбат беріп, Бюджеттік кодекске осындай өзгерту енгізілетін айтты.​


Министрлер айыппұлды өз қалтасынан төлеуге міндеттеледі - Ә.Смайылов

ERNUR.KZ. Бюджет қаржысын иегермегені үшін салынатын айыппұлды министрлер өз қалтасынан төлеуге міндеттеледі, деп жазады Zakon.kz.

Қаржы министрі Әлихан Сайылов Atameken Business News арнасына эксклюзивті сұхбат беріп, Бюджеттік кодекске осындай өзгерту енгізілетін айтқан.

Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов оның 100 айлық есептіп көрсеткіш, яғни 252 мың теңге шамасында болуы мүмкін дейді. Үкімет пен Парламент бірінші басшыны әкімшілік жауапкершілікке тарту құжаттын қазан айының соңында дайындап бітуі тиіс.

Оның орындалуын Нұрлан Нығматулин мен Дариға Назарбаева тікелей бақылауына алған. 9 айдағы игерілмеген қаржы 8,6 млрд теңге. 2019 жылғы бюджет бойынша есеп беру келер жылдың басында өтуі тиіс.

"Яғни, министр, әкім, комитет төрағасы, сондай-сондай сияқты жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылады. Штарф төлейтін болады. Өз қалтасынан. Тек өз қалтасынан. Үлкен болса, онда бір маусым ұзақтығында төлейді. Мысалы, жыл бойы. Жалақысын алмай жұмыс жасайды", - дейді Қаржы министрі Әлихан Смайылов.