Министрлік басшыларының жалақы көлемі қанша жыл еңбек еткені мен білігіне байланысты.
ERNUR.KZ. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев министрлер алатын ең жоғары және ең төмен жалақы көлемін атады деп жазады stan.kz.
Оның сөзінше, министрлік басшыларының жалақы көлемі қанша жыл еңбек еткені мен білігіне байланысты.
“Ең төмен жалақы – 500-600 мың теңге, ал ең жоғарысы – 1,5-1,7 миллион теңге деп ойлаймын”, – дейді министр журналистерге.
БАҚ өкілдері премьер-министр Әлихан Смайылов айына қанша алатынын да сұрады.
“Мен сіз қанша алып жүрсіз деп сұрамаймын ғой. Егер Әлихан Смайылов рұқсат берсе, оның жалақысы қанша екенін жария етемін. Мен өз еңбекақымның мөлшерін, министрлердің ең жоғары және ең төмен жалақысын да айттым”, – деп жауап берді қаржы министрі.