Министрлік Татарстанға шабуылдаған құрылғылардың Қазақстаннан ұшырылғанын жоққа шығарды

0
706

​Қорғаныс министрлігі елдің беделін түсіретін жалған ақпарат таратпауға шақырды.


Министрлік Татарстанға шабуылдаған құрылғылардың Қазақстаннан ұшырылғанын жоққа шығарды

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Татарстанның объектілеріне шабуыл жасаған дрондардың Қазақстан аумағынан ұшырылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Кейбір Telegram каналдарда таралған Татарстан Республикасының объектілеріне шабуыл жасаған ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың Қазақстан аумағынан ұшырылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты ведомство азаматтарды қауесеттерге мән бермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

"Мұндай жалған мәлімет Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған", - деп атап өтті қорғаныс министрлігі.

Айта кетейік, үш ұшқышсыз ұшақ Татарстан аумағындағы әртүрлі нысандарға шабуыл жасады.