М.Қажыкен ауылшаруашылығы саласы мен ғылымындағы проблемаларды айтты

0
608

«Заречное» ауыл шаруашылығы тәжірибелік станциясына барды.


М.Қажыкен ауылшаруашылығы саласы мен ғылымындағы проблемаларды айтты

ҚР Президентіне кандидат Мейрам Қажыкен ауыл шаруашылығы тәжірибелік станциясында болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Заречное» ауыл шаруашылығы тәжірибелік станциясына барды.


Станция жұмысшыларымен кездесуде негізінен ауыл шаруашылығы саласы мен ғылымындағы проблемалар сөз болды. Тараптар ауыл шаруашылығында жобаларды қаржыландырудың жеткіліксіздігі және зерттеу мен өндіріс әдістерін жетілдіру бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ, кандидат Мейрам Қажыкен станция қызметкерлеріне өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.