Бұған қоса, жалпы мемлекеттік органдардың жұмысында көп кездесетін ішкі әкімшілік рәсімдеріне кешенді мониторинг жүргізілді.
2022 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту бағытында денсаулық сақтау, білім беру, еңбек, әлеуметтік қорғау салаларында талдау жүргізіліп, нәтижесінде мемлекеттік аппараттың жұмысын мейлінше адамға бағдарланған сервистік сипатта қалыптастыруға, бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған 183 ұсыныс әзірленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұған қоса, жалпы мемлекеттік органдардың жұмысында көп кездесетін ішкі әкімшілік рәсімдеріне кешенді мониторинг жүргізілді.
«Бұл жұмысқа әртүрлі сала мамандарынан, азаматтық қоғам өкілдерінен және сарапшылардан құралған жалпы саны екі мыңға жуық адам қатысты. 2023 жылы қаржы-экономикалық саласына талдау жүргізу жоспарлануда», – деді Агенттік төрағасы Дархан Жазықбаев.
Агенттік жанында мемлекеттік органдардың өкілдері мен сарапшылардан құралған Сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және оның қызметін бюрократиядан арылту мәселелері жөніндегі консультативтік-сараптамалық тобы жұмыс жасайды.
Консультативтік-сараптамалық топтың мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту бойынша өзекті мәселелерді жан-жақты талқылау жұмысы нәтижесінде 40-қа жуық ұсыныс мемлекеттік органдарға жолданды.
Мәселен, жолданған ұсыныстар әзірленіп жатқан Цифрлық кодекстің жобасында ескерілетін болып шешілді. Топтың ұсынысы бойынша «Электронды үкімет» порталында жұмыс істемей тұрған 30-ға жуық қызмет қалпына келтірілді.
Атап өту керек, бүгін ҚР МҚІА кеңейтілген алқа отырысында 2022 жылғы жұмысын қорытындылады.